KASE қор биржасының 8 қаңтарындағы таңғы сессиясында доллар 351,85 теңгеге тең болды. Бұған дейін доллардың максималдық құны 349,12 теңге еді.
Таңғы сауданың бірінші келісімі 351,5 теңгемен жасалды. Осы баға минималдық болып тіркелді. Максималдық құны − 352,5. Сауданың жалпы көлемі 47,4 миллион доллар. Саудаға жалпы 22 қатысушы араласты. Kurs.kz мәліметінше, айырбас пункттерінде доллар 350-355 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Дереккөз: tengrinews