- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Доллар бағамы 349,12...
Доллар бағамы 349,12 теңгемен жаңа антирекорд орнатты
Фото:
vlast.kz
2015 жылы 21 желтоқсан күні KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 349,12 теңге болды.
Таңғы сессиядағы алғашқы келісім 347 теңгемен басталды. Бұл − ең төменгі баға. Ең жоғарғы баға − 349,9 теңге. Сауда көлемі 113,55 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 24 мүшесі қатысты. Kurs.kz порталының мәліметі бойынша, ақша айырбастау орындарында доллар 348-351 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске сала кетейік, 2015 жылдың 18 желтоқсанында сауда 344 теңгемен жабылған еді.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін