Доллар бағамы 345 теңгеден асты

KASE күндізгі сессиясында доллар 345,49 теңгеге тең болды. Таңғы сессияда бағам 349,12 теңге көрсеткішінде болған еді. Енді шетел валютасы 50 тиынға қымбаттап отыр.

Күндізгі сессияда алғашқы келісім 344,9 теңгемен басталды. Ең төменгі баға да осы. Сессияда сауда көлемі 39,5 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 21 мүшесі қатысты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындарында доллар 345-347,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Дереккөз: tengrinews