Доллардың 13 мамырдағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,33 теңгеге төмендеп, 510,06 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 13 мамырдағы ресми бағамы - 513,74 теңге.
kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 510,63 теңгеге, ал сату бағамы 513,37 теңгеге тең. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 508,30 теңгеден сатып алынып, 514,30 теңгеден сатылып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова