- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Доллар бағамы 284...
Доллар бағамы 284 теңгеден асты
KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 284,28 теңгеге жетті.
Осылайша валюта бағасының тарихи рекордқа жетуіне 1,49 теңге ғана қалды, ол - 285,77. Доллар бағамының ондай көрсеткіші 2015 жылы 16 қыркүйекте тіркелген еді.
4 қарашада алғашқы келісім 284 теңгемен жасалды. Ең төменгі баға — 283,4. Ал ең жоғарғысы — 285,5 теңге. Сауданың жалпы көлемі 90,5 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 23 мүшесі қатысты. Сонымен қатар, ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта 283-287 теңге аралығында сатылып жатыр.
Еске сала кетейік, 3 қарашадағы KASE кешкі сессиясында доллар бағамы 283,23 теңгеге жеткен еді.
Доллар бағамы тарихи рекордқа жеткенде ҚР Ұлттық банкі доллар бағамын төмендетуге қатысты шараларды қолға алды. Интервенциялар жүргізілді. Кейін Қазақстанның валюта нарығында 2015 жылдың 31 қазанына дейін кемінде 3 миллиард АҚШ доллары сатылады деп жоспарланғаны анықталды. Бағам ұзақ уақыт бойы 270-280 теңге деңгейінде сақталды. Ұлттық банктің өкілдері бұған дейін интервенциялар туралы сауда күнінің соңында хабарлап отыруды уәде етті. Алайда дүйсенбіден бері бағам шарықтап келе жатса да интервенциялар туралы сөз болған жоқ.
Дереккөз:tengrinews
С. Ерсін