KASE таңғы сессиясында доллардың ұлттық валютадағы бағамы 364,1 теңгеге тең болды. Бұл кешегі көрсеткішке қарағанда 1 теңгеге жоғары.
5 ақпандағы таңғы сессия кезінде алғашқы келісім 365,2 теңгемен жасалды. Ең жоғарғы баға да осы, ал ең төмені 363 теңгеге тең болды. Сессияда сауда көлемі 4 миллион доллардан аспады. Ақша айырбастау орындары шетел валютасын 363-367,5 теңге аралығында сатып жатыр.
Еске салайық, 4 ақпанда ұлттық валюта бағамы 363 теңгеге дейін нығайған болатын.
Дереккөз: tengrinews