KASE таңғы сессиясында доллар 366,54 теңгеге дейін арзандады.
2016 жылдың 13 қаңтарында таңғы сессиядағы алғашқы келісім 366,25 теңгемен басталды. Ең төменгі баға 366 теңге, жоғарысы 367,25 теңге болды. Сессияда сауда көлемі 27,55 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 18 мүшесі қатысты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындарында доллар 365,2-368,3 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, кеше күндізгі сессияда доллар бағамы 367,61 теңгеге тең болған еді. Бұл 11 қаңтарда Brent мұнай маркасы 2004 жылдың сәуірінен бері психологиялық меже саналатын 32 долларға төмендеп, ал WTI маркалы мұнайы 5 пайыздан аса арзандағаннан кейін болды.