KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 307,53 теңгеге жетті.
6 қарашада алғашқы келісім 302 теңгемен жасалды. Бұл ең төменгі баға болды. Ал ең жоғарысы — 309,5 теңге. Саудаға валюта нарығының 25 мүшесі қатысты.
Доллар қазақстандық ақша айырбастау орындарында 300-311 теңге аралығында сатылып жатыр. Сарапшылардың пікірінше, доллардың қымбаттауы ҚР Ұлттық банкі басшысының ауысуымен байланысты. 2 қарашада Қайрат Келімбетов отставкаға кетіп, оның орнына Данияр Ақышев келді.
Ұлттық банктің және Ұлттық қордың алтын валюта активтерін сақтау мақсатында Ұлттық банк 2015 жылғы 5 қарашадан бастап өзінің валюта нарығына қатысуын барынша азайту туралы шешім қабылдады. Теңгенің айырбастау бағамы осыдан кейінгі серпіні негізінде әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы баға ахуалының серпінімен айқындалатын факторлар әсерінен қалыптасатын болады.
Дереккөз: Tengrinews.kz