2015 жылы қараша айының 2 күні KASE күндізгі сессиясы бойынша доллар бағамы 281,13 теңге болды.
Ең алғашқы келісім 280,6 теңгемен басталды. Бұл төменгі баға болды. Ең жоғарғы баға — 281,87 теңге. Сауда көлемі 54,8 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 22 мүшесі қатысты.
Айта кетейік, бүгін ҚР Ұлттық банктің төрағасы ауысты. Қайрат Келімбетов отставкаға кетіп, орнына Данияр Ақышев келді.
Сарапшылар Келімбетовтің өзіне жүктелген міндетті толықтай орындап шыққананын айтты.
Дереккөз: tengrinews