Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2028-2029 оқу жылына дейін стипендия 100 пайыз өсетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы министр Мәжіліс кулуарында айтты.
"Магистратура, докторантура студенттері үшін шәкіртақы жыл сайын 20 пайызға өсіп отырады. 2028-2029 оқу жылына дейін 100 пайызға өседі. Мәселен, докторантураның шәкіртақысын осы уақытқа дейін 500 мың теңгеге жеткіземіз. Бұл - алдағы бесжылдыққа арналған жоспар", - деді министр.
Еске салайық, бұған дейін әртүрлі елдердің университеттері мен үкіметтері ұсынатын стипендиялық бағдарламалар жинағы жарияланған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!