Докторанттарға жақсы жаңалық: шәкіртақы өседі

Докторанттарға жақсы жаңалық: шәкіртақы өседі
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Қазақстанда докторанттардың шәкіртақысын алдағы 3-4 жыл ішінде тағы екі есеге арттыру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астанада өткен "Болашақ бейнесі: нәтижеден жаңа стратегияға" атты форумда мәлімдеген.

Министрдің айтуынша, бұған дейін де докторанттардың шәкіртақысы екі есе өскен.

"Қазір докторанттардың шәкіртақысы - айына 252 мың теңге. Алдағы 3-4 жыл ішінде оны тағы екі есеге арттыруды жоспарлап отырмыз", - деді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ, министр Қазақстанда "Индустриялық PhD" бағдарламасы іске қосылғанын жеткізді. Енді жас ғалымдар өндірістен қол үзбей, жеңілдетілген тәртіппен үш жыл ішінде PhD дәрежесін ала алады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget