Қазақстанда докторанттардың ай сайынғы шәкіртақысын 2029 жылға дейін 500 мың теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Құрылтайдағы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Massaget.kz.
"Қазіргі таңда докторанттар (PhD) ай сайын шамамен 260 мың теңге шәкіртақы алады. Соңғы бес жылда шәкіртақы екі есе көтерілді. 2029 жылға дейін шәкіртақыны 500 мың теңгеге дейін көтеру жоспарда бар", деді министр.
Саясат Нұрбек мұндай қолдау жас ғалымдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының қолдауымен жас ғалымдарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Министр мәлімдегендей, кейінгі екі жылда 813 жас ғалым тұрғын үй алған.
О. Сансызбай