Дохадағы ахуал: Қатарда 1,5 мың қазақстандық бар

Дохадағы ахуал: Қатарда 1,5 мың қазақстандық бар
Фото: x.com/IranObserver0

Қазір Қатарда шамамен 1,5 мың Қазақстан азаматы бар. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжіліс дәлізінде журналистер Әлібек Бақаевтан Қатар астанасында зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар-жоғын сұрады.

"Азаматтардың арасында біздің адамдар бар. Бірақ зардап шеккендер жоқ. Бізге ешкім хабарласқан жоқ. Қазір Қатарда 1500-дей қазақстандық бар", - деді сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев.

Оның айтуынша, қазақстандықтардың ішінде 516 адам консулдық есепте тұр. Олармен дипломаттар тұрақты байланыста.

Оқиғаның мән-жайы

9 қыркүйекте Израиль Дохаға соққы жасады. Нысанаға АҚШ-тың Газадағы соғысты тоқтату жөніндегі соңғы ұсынысын талқылауға келген ХАМАС басшылығы делегациясы орналасқан тұрғын үйлер алынған. Қатар Израиль шабуылын айыптады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget