Доха маңындағы қалада адамдар метрода бірін-бірі таптады

Қатар астанасының маңындағы Люсейл қаласында Жаңа жыл мерекесі кезінде метрода адамдар бірін-бірі таптап, ондаған кісі жараланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ телеарнасына сілтеме жасап. 

Билік жалғыз метро бекетін түнгі 02:00-де жабамыз деген. Ал жаңажылдық концерт түнгі 01:00-де аяқталған.

Концерт біткен бетте мыңдаған адам метроға лап қойды. Адамдар жол бермей, бірін-бірі таптай бастаған соң полиция дауыс зорайтқышпен метро түні бойы істейді деп хабарлаған.

Бірақ куәгерлер "бұл шешім тым кеш қабылданды" дейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!