Дінмұхаммед Қонаевтың жеке хатшысы Зинаида Жукова 100 жасқа таяған шағында дүниеден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Қонаев музейі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Зинаида Жукова Дінмұхаммед Қонаевпен 23 жыл бірге жұмыс істеген.
"Д.А.Қонаев музей ұжымы Дінмұхаммед Ахметұлының 1964-1986 жылдар аралығында жеке хатшысы болған Жукова Зинаида Петровнаның (26.03.1924-04.11.2023) жүз жасқа таяған шағында 4 қараша күні дүниеден озғаны жайында қайғыра хабарлайды. Туыс-туғандарына қаймыға көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз