Д.А.Қонаев музейі Дінмұхамед Қонаев пен оның жұбайы Зуһра Шәріпқызының сирек кездесетін фотосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"...Маған Зуһра Шәріпқызы ең жақын, ең қимас дос еді. Біз елу жыл, алты ай, екі күн бірге өмір сүрдік. Ол қайта айналып келмейтін, маңдайға бір-ақ рет жазылатын бақыт", - деп жазылған Қонаевтың естелігінде.
Публикация от Музей Д.А. Кунаева ? (@museumkunaev)
Дінмұхамед Қонаев Зухра Ялымовамен 1937 жылы Алматыға бірнеше күнге келгенде танысқан. Оның институттағы досы Мақсұт Бақаев сол кезде Зухрамен бірге тұратын әйеліне хатты беруін өтінген. Олар осылай кездескен. Хат алмасу басталып, осыдан кейін үйлену туралы ұсыныс жасаған. Жас жұбайлар үйлену тойдан кейін бірден Риддерге жол тартқан.
Зухра Шәріпқызы ауқатты татар отбасында дүниеге келген. Анасы туберкулезден ерте қайтыс болған. Әкесі бірден өзгеге үйленген. Зухра Шәріпқызы өгей шешесімен тіл табыса алмай, 13 жасында үйден кетіп қалған. Ол өз бетінше есепші мамандығын игеріп, жатақханада тұрып, Мемлекеттік жоспарлау комитетінде жұмыс істеді.
1990 жылы 20 сәуірде қайтыс болған. Алматыдағы Кеңсай зиратында жерленген. Қонаев өз өсиеті бойынша 1993 жылы әйелінің бейітінің жанына жерленген.
nstagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!