Ішкі істер министрлігі бұрын жасалған қылмыстарды ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жыл басынан бері ашылмаған ауыр және аса ауыр қылмыстар зерделенген. Олардың көбі 1990 және 2000 жылдардың басында тіркелген.
Павлодар және Қарағанды облыстарында да бұрын болған кісі өлтіру дерегі ашылды.
"ДНҚ сараптамасы негізгі рөл атқарды. Қазір күдіктілер сот шешімін күтіп отыр. Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу ерекше бақылауда", - деді ІІМ жедел криминалистика департаментінің бастығы Сергей Стихеев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз