- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Діни толеранттық" төсбелгісінің...
"Діни толеранттық" төсбелгісінің иелері 52 мың теңгеден алады
Өзбекстанда "Діни толеранттық" төсбелгісі бекітілді, оның иелері ақшалай сыйақы алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ге сілтеме жасап.
Бұл төсбелгі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, діни және әлеуметтік саланың жетекшілері мен көрнекті ғалымдар, мемлекеттік ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық миссиялардың өкілдері, шетелдік қайраткерлер мен ғалымдарға табысталады.
Сондай-ақ, төсбелгіні шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар да ала алады.
Төсбелгіні алуға үміткердің қызметі діни және білім беру саласының тиімділігін арттыруға, азаматтардың ар-ождан еркіндігінің кепілдігін қамтамасыз етуге, дінаралық және конфессияаралық келісім мен толеранттықты нығайтуға бағытталуға тиіс.
Сондай-ақ, "Діни толеранттық" төсбелгісі иелеріне 1,32 миллион сом немесе 52 мың теңге көлемінде бір реттік ақшалай сый беріледі.
Тағы да оқи отырыңыздар: Айырылысар көже деген қандай салт?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек