Шілдеде Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл облыстарында ҰҚК діни радикалдарды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел қызметкерлер террористік әрекеттерге қатысуға, терроризмді насихаттауға, экстремистік әрекеттерді ұйымдастыруға және осы мақсатта адамдарды тартуға күдікті Қазақстанның 4 азаматын мен 1 шетелдікті ұстап, қамауға алды.
Олардың тұрғылықты жерлерінен көптеген діни-экстремистік әдебиет пен өзге де заттай дәлел табылды.
Күдіктілердің бірі бұған дейін шет мемлекеттің аумағында соғыс әрекеттеріне қатысып, ол үшін Қазақстанда сотталған.
Ал екі адамға қатысты ауыр есірткіні үнемі қолданғаны туралы ақпарат тексеріліп жатыр.
Қылмыстық кодекстің 256, 257, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!