Діни-экстремистік ұйымның әрекетін ұйымдастырды және оған қатысы бар деген айыппен 12 қазақстандық сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу барысында сотталғандар Қазақстан аумағында діни алауыздықты қоздыру, террористік және экстремистік идеологияны тарату мақсатын көздеп, сондай-ақ, жаңа адамдарды тартумен айналысқаны анықталды.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оларды 9 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырды.
"Сотталғандардың көбі бұрын ауыр қылмыстар, соның ішінде полиция қызметкерін өлтіргені, қарақшылық жасағаны, тонағаны, адам ұрлағаны және есірткі заттарын өткізгені үшін сотты болған", - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова