Ұлттық қауіпсіздік комитеті 7 Қазақстан азаматы және 1 шетелдікке қатысты діни-экстремистік ұйымының қызметін ұйымдстыру және оған қатысу, терроризмді насихаттау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сотталушылар жанындағыларға идеологияны таратып, зайырлы өмір салтына және конституциялық құрылымға жек көрініштік тудырған.
Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында айтарлықтай көлемде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды.
Сотталушы адамдардың үшеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған.
Фото: ҰҚК
Ақмола гарнизондық әскери сотымен олар 1 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айыруға жазаланған.
2024 жылғы 2 сәуірде үкім заңды күшіне енді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!