Дін саласындағы сауатсыздықтан деп білмеін. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева дін мәселесі неге қоғамда қызу талқыланып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкіметте өтіп жатқан брифингте БАҚ өкілі министрге "Әлеуметтік желіде діни талқы қызып тұр. Діни дау әдейі ұйымдастырылып жатыр ма?" деп сұрақ қойды.
"Бұл заманның ерекшелігіне байланысты. Өйткені әлеуметтік желілерді әр адам өзінің пікірін жазып, сұхбаттарын беріп жатады. Бұл Ата заңымызбен белгіленген - адамның сөз бостандығы, ой бостандығы жазылған. Сондықтан мұны әлеуметтік желінің ықпалы деп ойлаймын, - деді Балаева.
Министрдің сөзінше, мемлекет тарапынан ондай шара ұйымдастырылып отырғанын жоқ. Ол мемлекеттің ел тұрақтылығын сақтауға және тұрақты дамуына мүдделі екенін айтады.
"Қазіргі үрдісті айтсам, біз бір адамның пікірін жан-жақты сараламай я болмаса мазмұнын толық білмей талқылап, өзіміз ойдан шығарылған пікірлерді айтып жатамыз. Меніңше, бұл дұрыс емес", - деп түсіндірді Балаева.
Ведомство басшысы әр дін (ислам, христиан, будда) бейбітшілікті насихаттайды.
"Өкінішке қарай, дін мәселесі - агрессиялық түрде талқыланып кетті. Оған жол бермеуіміз керек. Бұл жерде БАҚ-тың рөлі зор деп білемін", - деді Балаева.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!