Діни алауыздықты қоздырғаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейден қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жаап.
Күдікті 2016-2017 жылдары Алматы қаласында бірнеше рет діни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың діни сезімдерін қорлауға, азаматтардың дінге деген көзқарасы негізінде олардың эксклюзивтілігін, артықшылығын және кемістігін насихаттауға бағытталған әрекеттер жасаған.
Бұл қылмыстың өзге де қатысушылары әртүрлі жауапқа тартылды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды. Осыдан кейін, 2017 жылы күдікті Мәскеуде қарақшылық жасап, сотталған.
"Ресейде жазасын өтегеннен кейін күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға қайтарылды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Аталған қылмысты жасағаны үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!