Днепрдегі адамшошырлық зымыран соққысы, Зеленский мен Путиннің мәлімдемелері - Massaget.kz тілшісі Украинадағы кейінгі тәуліктердегі жағдайға шолу жасады.
Днепрде ауыр зымыран соққысы жасалды
Кеше Украина президенті Владимир Зеленский Ресей елдің бірнеше қаласына зымыран соққысын жасағанын хабарлады. Оның сөзінше, Ресейдің мақсаты бірнеше қалаға соққы жасау болған, оның ішінде, Киев, Харьков, Одесса, Кривой Рог, Днепр, Винница, Ладыжин, Бурштин, Хмельницкий қалалары бар.
Фото: facebook.com/zelenskiy.official
Днепр қаласында ресейлік соққы салдарынан тұрғын үй қирады. Түрлі жарақат алған ондаған адам құтқарылған. Оларға көмек көрсетілді.
"Қираған тұрғын үйге талдау әлі де жүріп жатыр. Қанша адам үйінді астында қалғаны белгісіз. Өкінішке қарай, қаза болғандардың саны сағат сайын өсіп жатыр... марқұмдардың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды президент Facebook-парақшасында.
Зеленскийдің сөзінше, Украинада бір күнде атылған 30-дан аса зымыранның 20-дан астамы атып түсірілген. Осылайша, Украинаның әуе күштері жүздеген адамның өмірін құтқарып қалған.
"Бұл - жүздеген құтқарылған өмір. Біздің әуе күштерімізге, әуе күштерімізге және қызмет ететіндердің барлығына алғыс айтамыз", - делінген президент үндеуінде.
Алайда соққылар салдарынан энергетикалық инфрақұрылым объектілері қираған. Әсіресе Харьковщина мен Киев облысындағы жағдай қиын.
Фото: facebook.com/zelenskiy.official
Кейінгі мәліметтер бойынша, Днепрдегі тұрғын үйге соққы жасалғаннан кейін 30 адам мерт болған, 73 адам жарақат алған. Оның 30-ы ауруханада, 12 адамның жағдайы ауыр.
НАТО Бас хатшысы мәлімдеме жасады
НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинаға қосымша ауыр қару-жарақ жеткізуді қолдады. Столтенберг Handelsblatt-қа берген сұхбатында өз ұстанымын айта кетті. Столтенберг Батыс одақтастары жақын арада Украинаға ауыр қару-жарақ жеткізеді деп күтеді.
"Біз соғыстың шешуші фазасындамыз. Осыған байланысты Украина жеңіске жетуі үшін қажет қару-жарақты жеткізуіміз маңызды", - деді ол.
Оның сөзінше, Украинаға қарулы көмек көрсету - жеңіске жетудің жылдам жолы.
Путин Украинадағы әскери операцияның оң динамикасын атады
Ал Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы әскери операцияның оң динамикасын атап, Ресей әскерінің "жауынгерлік жұмысының нәтижелеріне" үміттенетінін айтты. Оның сөзінше, әскери операция Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың жоспары бойынша жүріп жатыр. Путин ресейлік әскери күштерді мақтады. Оған себеп Ресейдің Соледар қаласын "басып алуы" болған. Бірақ Украина тарапы шығыстағы қала үшін күрес әлі жүріп жатқанын мәлімдеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!