- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Дінде жоқ адамдар"....
"Дінде жоқ адамдар". ҰҚК ғимаратын жармақ болған тұрғын бұл әрекетке оқталуының себебін айтты
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратын жарып жібермек болған. Бұл – экстремизм бабы бойынша сотталып, жазасын өтеп жатқан ер адамға берілген соңғы тапсырма. Ол өзінің жат ағым жетегінде қалай кеткенін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Фотодағы ер адам экстремизм бабы бойынша сотталған. Интернетте бейтаныс біреумен әңгімелескеннен соң осындай жағдайға тап болған. Әлдекімдер оған діни мазмұндағы сұрақтар қойып, тапсырма беріп отырған.
Сондай тапсырманың бірі – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратын жару болған екен.
"Сұрайды дін жағынан болсын, басқа болсын. Мен намазды, ахидаларды айтамын. Кейіннен олардікі дұрыс емес дейді. "Осы жаққа кел" деп айтады. Оның бір танысы бар. Соған ақша жіберу керек. Алматыда біреуден ақшаны аласың, сөйтіп жаңағы кісіге аударасың. Ал, кейіннен "акт" жасайсың ба дейді. КНБ-ның ғимаратын ба басқа нысандар бар, соларды жару керек. Олар жаймендеп айтып түсіндіреді, олар дінде жоқ адамдар, оларды өйту керек-бүйту керек деп", - дейді сотталушы.
Ол теріс жолға түспес бұрын өзін не өлім, не абақты күтіп тұрғанын білген. Заңға қайшы әрекет жасамақ болғаны үшін 8 жылға бас бостандағынан айырылған. Сол мерзімнің әзірше 4 жылы өтіпті.
Тергеу изоляторында жазасын өтеушілер таңғы 6-да оянып, кешкі сағат 10-да ұйқыға жатады. Теологтар келіп, жат ағымға түскендермен жұмыс істейді.
"Өткен жылы теологтардың және өзге де мамандардың жұмыс атқаруымен 8 сотталған дәстүрлі дінге ауыстырылған болатын. Сонымен қатар, осы 2024 жылда да жұмыс жалғасады. Ол сотталғандармен қазіргі қылмыстық атқару кодексінің 9-шы және 10-шы баптары бойынша құқықтары мен міндеттері толық сақталады. Сотталған тарапанынан қазіргі таңда ешқандай арыз талаптар болып жатқан жоқ", - дейді Шымкент прокуратурасының прокуроры Ғалымжан Беркінбаев.
Айта кетейік, қазір №65 тергеу изоляторында 300-ге жуық сотталушы жазасын өтеп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан