Нұртас Адамбай өзіне қатысты неліктен іс қозғалғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Астана Дін істері басқармасы мені Instagram-дағы парақшама Құран Кәрімнің аудармасынан сөздер жазғаным үшін сотқа берді. Шынымды айтсам, елімізде Құран аудармасын келтіруге болмайтынын білмедім", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Нұртас Адамбайға діни қызмет туралы заңды бұзды деген айып тағылғаны хабарланды.
Іс Астананың әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Нұртас Адамбайға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 1-бөлігінің 4-тармағын бұзды деген айып тағылып отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!