Дмитрий Попко АҚШ-тағы теннис турнирінде жеңімпаз атанды

Дмитрий Попко АҚШ-тағы теннис турнирінде жеңімпаз атанды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық Дмитрий Попко АҚШ-тағы Пенсакола ITF M25 турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Әлемнің 419-ракеткасы Попко жарыс барысында бес кездесуін де сәтті өткізді.

Доданың төртінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингте 923-орында тұрған америкалық Эйден Киммен кездесті. Дмитрий Попко 6:1, 6:4 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. 

Бұл - Дмитрий Попконың 20-титулы. Айта кетейік, Пенсакола ITF M25 турнирінің жүлде қоры - 25 000 доллар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан