Дмитрий Мун жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның орнына Ғиззат Байтұрсынов жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.
"Үкіметтің қаулысымен Ғиззат Сейдахметұлы Байтұрсынов жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ғиззат Байтұрсынов туралы не белгілі?
Ол 1994 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Малайзияның Азия-Тынық мұхиты технологиялар және инновациялар университетін, Д.А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясын тәмамдаған.
- 2010-2019 жылдары - бағдарламашы, "Ел-Қонды" ЖШС-ның Малайзиядағы өкілі, "Ел-Қонды" ЖШС техникалық жабдықтау бөлімінің басшысы, мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы.
- 2019-2022 жылдары - Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Электрон өнеркәсіпті дамыту департаменті Электрон өнеркәсіптің мемлекеттік саясаты басқармасы сарапшысының м.а., сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы.
- 2022-2024 жылдары - Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Электрон өнеркәсіпті дамыту департаментінің басқарма басшысы, директордың орынбасары, директор.
- 2024-2026 жылдары - Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы.
- 2026 жылғы наурыздан бастап қазірге дейін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова