Дмитрий Малахов Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы лауазымына қайта тағайындалды

Дмитрий Малахов Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы лауазымына қайта тағайындалды
Фото: Видео кадры

Дмитрий Малахов Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы лауазымына қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Дмитрий Малахов туралы не белгілі?

Дмитрий Малахов 1974 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Бұған дейін Ішкі істер органдарында, қаржы полициясында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте және Экономикалық тергеу қызметінде еңбек еткен.

2024 жылы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы болып тағайындалған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget