Қаржылық мониторинг агенттігін басқарған Дмитрий Малахов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ол 16 қыркүйекте Қаржылық мониторинг агенттігі басшысы қызметінен кеткен болатын.
Дмитрий Михайлович Малахов – 1974 жылы Ақмола облысы Көкшетау қаласында туған.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары мектебін (1991-1995), Т.Рысқұлов атындағы Экономика және қаржы университетін (2003-2005) бітірген. Мамандығы «Заңгер – құқықтанушы, экономист» Еңбек өтілі: Ішкі істер органдарында, қаржы полициясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте және экономикалық тергеу қызметінде жұмыс істеген.
2004-2019 жылдары Ішкі істер министрлігі, Қаржы полициясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы облыстық және орталық аппараты басқармалары басшысының орынбасары; 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті Операция басқармасының басшысы; 2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары; 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;
2023 жылдан бері Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары. 2-дәрежелі «Айбын» орденінің және мерейтойлық және ведомстволық наградалардың иесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет генерал-майоры (05.06.2022 ж.)
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!