Энтони Джошуа украиналық Александр Усикпен жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында көз жасын тоқтата алмады, - деп хабарлайды Fightnews.info.
Джиддада (Сауд Арабиясы) өткен айқас 12 раунд өтіп, төрешілер шешімімен Усик жеңді (113-115, 116-112, 115-113). Украиналық боксшы WBA Super, WBO, IBF және IBO белбеулерін қорғап қалды және The Ring титулын иеленді.
"Өзімді мақтан тұтамын, бірақ оны айту қиын. Ешқандай сезім жоқ, тек көңілім болмашы ғана түсіп кетті", - деп Джошуа күрсініп, көзіне жас алды.