Алғашқы бөлімі рекордтық касса жинаған "Джокер" фильмінің жақында ғана жарық көрген екінші бөлімі көрерменнің де, шығармашылық топтың да үмітін ақтамады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жақында ғана жарыққа шыққан жаңа туынды алғашқы аптада 40 млн доллар касса жинады. Ал шығарушылардың күткен көрсеткіші 47 млн доллар болатын. Осылайша, DC Comics кейіпкеріне негізделген фильмнің жалғасы ірі франшиза тарихындағы ең нашар туындыға айналды.
Жобаның дүниежүзіндегі жалпы сомасы 121 миллион доллар болды. Бұл да алдын ала жоспарланған 140 миллион доллардан айтарлықтай аз. Жалпы туындыны таспалау үшін 190 миллион доллардан астам ақша жұмсалғанын ескерсек, "Джокер" үмітті ақтамады деген тоқтамға келуге болады.
Кейбір кино мамандары фильмнің жанры мюзикл болғандықтан, ал кейбірі сценарий дұрыс құрылмағандықтан "Джокер 2" сәтсіздікке ұшырағанын айтады.
Айта кетейік, көрермендердің жағымсыз пікірлері де фильмнің касса жинауына кедергі болған. CinemaScore сауалнамасының нәтижелері бойынша кинокөрермендер жаңа туындыға "екі" деген баға берді. Еске салайық, мұндай көрсеткіш бұрын-сонды суперқаһарман фильмдерінде болмаған нәрсе.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз