- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Спортшы туралы
Джиу-джитсудан әлем чемпионы атанған 6 жасар қыз жұртты тәнті етті
Джиу-джитсудан әлем чемпионы атанған 6 жасар қыз жұртты тәнті етті. Кішкентай спортшының есімі - Хадия Қонаева, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Мемлекет басшысының атынан құттықтау хаты мен сыйлықты табыстап, талантты бүлдіршінді құттықтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Хадия Қонаева Әбу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен әлем біріншілігінде 11:0 есебімен таза жеңіске жеткен.
"Жас спортшыны өзінің әкесі, жаттықтырушы, спортшы Самат Қонаев жаттықтырады. Бір қызығы, әкесінің спортпен шұғылдануына омыртқа ауруы себеп болған және табанды жаттығулардың арқасында денсаулығын қалпына келтірген. Әкенің үлгісі балаларын шабыттандырған, бүгінде олардың барлығы - спорт шеберлері", - деді өңір әкімі Байханов.
Бұл отбасының жеті баласының алтауы жекпе-жекпен айналысады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова