- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Джип неге сатып...
"Джип неге сатып алады, түсінбеймін". Эколог ескі көлігі барларға үндеу жасады
"Байтақ" жасылдар партиясының төрағасы, эколог Азаматхан Әміртай халықты шағын автокөлік тізгіндеуге шақырады. Оның сөзінше, қазіргі таңда биік әрі қозғалтқыш көлемі үлкен көліктер экологияны ластап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
- Үкімет ескі көліктерге тыйым салады деген жаңалықты оқыған шығарсыз. Мұнымен келісесіз бе?
- Біз қоршаған орта мен табиғатқа зиян келтіретін автокөліктердің жүруіне тыйым салуымыз керек. Ол үшін арнайы айыппұлдар болуға тиіс, олсыз біз ешқандай тәртіп орната алмаймыз. Алайда, адамның денсаулығына зиян келтіретін көліктер тек ескі көліктер деп ойлау – қате пікір. Егер иесі ескі болмаса жаңа көлік болсын автокөлігін ұқыпты ұстау керек. Қарапайым ережелерді сақтап, қозғалтқышының майын, фильтрді уақытылы ауыстыру қажет. Астанадан жаңа көліктерді бұрынғыдан көп көреміз, бірақ түтіні бұрғырақ жүреді. Яғни біздің елде көлік қожайынының салғырттығы көп екенін байқаймыз.
- Халықтың бәрінде жаңа көлік жоқ қой... Бұл мәселені қарапайым азаматтар қалай шешеді?
- Астанада мидай жазықта орналасқан, айналасында тау жоқ. Кейбір адамдар биік (еск - джип) автокөлігін мінеді, не үшін екенін түсінбеймін?! Меніңше, адамдар 1 жарым кубтық көлікке мінген жөн. Ол табиғатқа залалы аз, бензинды аз жейді. Меніңше, біздің халыққа осындай әдет қалыптастыру керек. Бізде азаматтар 2000, 2005 және 2007 жылғы "Тойото" немесе "Лексус" сияқты көліктерді сатып алып жүр. Неге сол автокөліктердің орнына жаңа көлік алмайды? Ол ақшасы аз әрі үнемді жаңа көлік алуға болады ғой. Сол ескі көліктердің кесірінен онкологиялық дерттер көбейіп жатыр.
- Сіз өзіңіз арнайы зерттеу жүргізіп көрдіңіз бе осы тақырыпта?
- Қазақстанның бүкіл қалаларында ауаның ластануына 70-80 пайыз автокөліктер кінәлі. Себебі, біріншіден, жанармайдың сапасы нашар. Одан кейін бізде кептелістер мәселесі, үшіншіден, қоршаған ортаға зиян келтіретін автокөліктер саны көп. Сондықтан да тағы айтамын, қалалық жерде қорғалтқыш көлемі 4-5 деңгейдегі машинаның керегі жоқ.
Ескі көліктердің бәріне тыйым салыну керек деп те ешкім айтып жатқан жоқ. Мәселен, кейбір адамдардың ескі көлігі бар, бірақ бүкіл қозғалтқыштарына ұқыпты қарайды. Ең бастысы, көлікте катализатор болуға тиіс. Байқайтыным, жүріп жүрген көліктердің көбінде катализатор жоқтың қасы. Мысалы, бір күнде такси жүргізушісі 15 литр жанармай пайдаланды десек, ол сол күн бойы 9 килограм көмір қышқыл газын бөледі. Ал енді есептесек, Астана қаласында 500 мың көлік кіріп шығады, ал Алматыда күніне миллионға жуық көлік жүреді.
- Сіздің ескі көліктерге тыйым салу керек деген ойыңызды әріптестеірңіз қалай қабылдап жүр? Жалпы, қаланың ауасын жақсарту үшін қандай іс-шаралар ұйымдастыруға болады?
- Ескі көлік сатып жүрген азаматтар менің ойыма қарсы шығып, жаман сөздер жазып жатыр. Бірақ ең бірінші бізге керегі - халықтың денсаулығы. Біздің "Байтақ" партиясы "қалада айына бір рет автокөліксіз күн" деген іс-шараны билікке ұсынып жүр. Яғни халық айына бір рет бір күн көлік жүргізбейді. Бұл тәжірибені көрші Өзбекстан халқы қолданып жатыр. Мысалы, 2020-шы пандемия кезінде еске түсірсек, халық үйден шықпаған соң Алматының аспаны тазаланып қалып еді. Сол себепті бір күндік іс-шараның маңызы зор.
- Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет!
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина