ПиДидди сексуалдық сауда және зорлық-зомбылық жасағаны үшін қамауға алынған соң Джастин Бибердің "Lonely" трегін тыңдаушылар саны 1400%-ға өскен, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл ән Джастин Бибер мен оның ПиДиддимен қарым-қатынасы туралы. Джастин Бибердің Lonely трегі Шон Комбсты қамауға алғаннан кейін стриминг платформаларда тыңдала бастады.
Әлеуметтік желіде әннің сөзі әншінің рэпермен қарым-қатынасын бейнелейді және Бибер өмірінің осы кезеңінде көрген барлық азапты көрсеткісі келді деген қауесет пайда болды. Джастиннің кейбір тыңдармандары мұны "көмек сұраудың бір түрі" деп қабылдағанын жазған болатын.
Бірнеше күн ішінде үш жыл бұрын жарық көрген "Lonely" трегінің стриминг платформалардағы тыңдаушылар саны 1400%-ға өскен.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз