Джастин Бибер Instagram-парақшасында Қазақстанның табиғатын көрсетті

Танымал әнші Джастин Бибер Instagram-да Қазақстандағы Боқты тауының суретін бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Канадалық әнші Джастин Бибер Instagram-Stories-інде Қазақстандағы ең ерекше табиғи нысандардың бірі - халық арасында "Тирамису" деп аталып кеткен Боқты тауының суреттерін бөлісті.

Lada.kz мәліметінше, Бибер бұл суреттерді @earthbestshots парақшасынан репост жасаған. Суреттердің авторы - танымал пейзаж фотографы Даниэль Кордан (@danielkordan).

Боқты тауы Үстірт қорығында орналасқан. Биіктігі - шамамен 165 метр. Әсіресе, күн шыққанда және батқанда қызғылт-сары түске боялатын қабат-қабат жартасы ерекше әсер қалдырады.

Әлемдік жұлдыздың Stories-нан кейін желі қолданушылары таңданысын жасырмады:

"Бибер біздің табиғаттың суретін бөлісті дегенге сенесіз бе?" – деп жазды Instagram қолданушыларының бірі.

Жергілікті тұрғындар мұны "өңірге жасалған үлкен жарнама" деп бағалап жатыр. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!