Джакартада жұма намаз кезінде мешітте жарылыс болды

Джакартада жұма намаз кезінде мешітте жарылыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап. 

Индонезия астанасы Джакартадағы мешітте жарылыс болып, кемінде 54 адам зардап шекті. Бомба жамағат жұма намазға жиналған сәтте іске қосылған.

Жарылыс әскери-теңіз күштерінің гарнизоны аумағындағы мемлекет мектебіне тиесілі мешітте болыпты. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген, арасында оқушылар да бар. Кейбірі жеңіл жарақат алса, енді бірін күйік шалған. Қазір оқиға орны толық қоршауға алынып, тергеушілер мен саперлер жарылыстың себеп-салдарын анықтап жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!