- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дизель отыны өңірлерде...
Дизель отыны өңірлерде қанша пайызға қымбаттағаны анықталды
Дизель отыны жылына 13 пайызға, қысқы отын бірден 31 пайызға қымбаттаған. Ал дизель отыны өндірісі бір жылда 10 пайызға өскен, - деп хабарлайды Energyprom.kz.
Биыл қаңтар мен қазан аралығында елімізде 4,6 миллион тонна дизель отыны өндірілген, бұл былтырмен салыстырғанда 9,7 пайызға артық. 2021 жылы елімізде өндіріс 6,6 пайызға, 5 миллион тоннаға дейін өскен.
Биыл қаңтар мен тамыз аралығының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар дизель отынына сұранысты (ішкі нарықта өткізу және экспорт) былтырғы 97,3 пайызға қарағанда, 99,3 пайызға қамтамасыз еткен. Осы кезеңде өндіріс 3,6 миллион тонна болған. Ал бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 7,9 пайызға артық.
Алайда дизель отынының импорты мен экспорты төмен болған: 23,8 мың тонна (былтырғыдан 3,9 есе аз) және 60,5 мың тонна (былтырғыдан 3,4 есе аз). Ішкі нарықта сатылым 3,6 миллион тонна болған, былтырмен салыстырғанда 10,5 пайызға артық.
Биылғы қазанның қорытындысы бойынша дизель отынының бағасы бір жылда 12,5 пайызға өскен. Оның ішінде жазғы дизель отыны 1,3 пайызға арзандаса, ал қысқы отын керісінше, бірден 30,7 пайызға қымбаттаған.
Дизель отыны бағасы Ақтөбе облысында айтарлықтай өскен. Мұнда бір жылда 27,9 пайызға көтерілген. Антилидерлер үштігіне Абай (жылына 24,6 пайыз) және Шығыс Қазақстан (24,4 пайыз) облыстары да кірген. Алматы облысында баға айтарлықтай өспеген, мұнда 0,5 пайыз. Шымкент, Жамбыл және Жетісу облыстарында баға бұрынғы қалпында қалған. Түркістан облысында дизель отыны 1,8 пайызға арзандаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова