- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Дияржан екеуміз жаңа...
“Дияржан екеуміз жаңа жобадамыз“. Толқын Забирова ұлын көрсетті
Танымал әнші Толқын Забированың ұлы да өнер жолын таңдапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында ұлымен бірге түскен суретін жариялады.
Толқын Забированың ұлы Дияр Бабаев 20 жаста, кәсіби пианист. Әнші желідегі жазбасында ұлы екеуі бір жобаға қатысатынын жазған.
"Дияржан екеуміз жаңа жобадамыз. Аллаға шүкір" , - деді ол.
Желі қолданушыларының өнер адамының баласы анасының жолын қуғанына қуанып жатқаны байқалады.
"Ұлыңыз ба? Керемет!", "Толқын ханым! Сіз қазақтың мақтан тұтар қызысыз, әніңізбен де, бар болмысыңызбен де таңғалдырасыз! Балаңыз да Азамат болып қалыпты. Отбасыңызбен бақытты болыңыз!" деп тілегін жаудырып жатыр оқырмандар.
Еске салайық, Дияр Бабаев әлеуметтік желіде түрлі кавер орындап, өз тыңдарманын тауып үлгерді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева