Дипломаттар мемлекеттік тілді нығайту мәселесін талқылады

Дипломаттар мемлекеттік тілді нығайту мәселесін талқылады
Фото: СІМ баспасөз қызметі

Астанада дипломаттар мемлекеттік тілді нығайту мәселесін талқыға салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі СІМ-ге сілтеме жасап.

Кездесу Сыртқы істер министрлігінде өтіп, дипломаттар Қазақ тілі қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлымен кездесті.

Іс-шараға СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елші, мемлекеттік тіл комиссиясының төрағасы Жалғас Әділбаев, "Отандастар қоры" КЕАҚ президентінің кеңесшісі Қалыбек Қобыландин, сыртқы саяси ведомствосының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Жиында Жалғас Әділбаев Сыртқы істер министрлігінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, ол министрлік қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білуі басты назарда екенін мәлімдеді.

Рауан Кенжеханұлы халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының жұмысы мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы туралы кеңінен ақпарат берді.

Отырыста сыртқы істер саласындағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бойынша өзекті ұсыныстар айтылып, келелі ой-пікірлер ортаға салынды.

Кездесу соңында Қазақ тілі қоғамының президенті қатысушылардың сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді.

Аяз Есен

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz