- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Динара Шүкіжанованың орнына...
Динара Шүкіжанованың орнына Мәжіліс депутаты кім болатыны белгілі болды
Динара Шүкіжанованың орнына Respublica партиясынан Мәжіліс депутаты кім болатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Respublica партиясының елордалық кеңсесінде партияның Орталық кеңесінің 5-ші отырысы өтті. Өткен жылғы жұмыстың қорытындылары қаралып, ағымдағы кезеңге жоспарлар белгіленді.
Respublica партиясы Орталық кеңесінің қаулысымен Айтуар Қошмамбетов ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты ретінде ұсынылды. Тиісті шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясына жолданды.
Бұған дейін Айтуар Қошмамбетов Алматы қаласындағы партия филиалының төрағасы қызметін атқарған.
1986 жылы 29 қарашада дүниеге келген. Халықаралық құқық маманы (Қазақ ұлттық университеті. Әл-Фараби, бакалавриат), Құқықтану (Экономика және құқық Академиясы мамандығы бойынша, магистратура). Прокуратура органдарында жұмыс істеді, Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасын басқарды.
Айта кетейік, 2024 жылғы 24 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің Respublica партиясынан бұрынғы депутаты Динара Шүкіжанова өз бастамасымен депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын аяқтаған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина