- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Динара Сәтжанның атасы...
Динара Сәтжанның атасы қайтыс болды
Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның отбасында қайғылы жағдай орын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Динара Сәтжанның туысқан атасы өмірден өтті. Бұл туралы қаралы хабарды ол өзінің instagram парақшасында хабарлады.
"Кеше таңертен менің туысқан атам Далабай Сәтжан өмірден өтті. Бәріміз оны Ахке деп атайтынбыз. Менің арғы атам Сәтжанның ең кенже ұлы. Біздің әулетіміздегі ең көңілді жан еді. Әркез қалжыңдап, күліп, ешқашан мойымайтын еді. Өмірден де дәл солай өтті. Ахке қара шаңырақ иесі болды. Жыл сайын 9 мамыр күні біз Байдалы би ауылында сол кісінің үйінде бас қосамыз. Туғандарымыздың зират басына барып, құран бағыштаймыз. Ескі суреттерді қарап, балалық пен жастық шағымызды еске аламыз. Бірге өткізген уақыт барлығымызды біріктіріп, қуанттандырады. Жақынын өмірден өткенде өмірдің өткінші екенін түсінесің. Бірақ бәрібір бұл қатал заңды қабылдағың келмейді. Әсіресе атам үшін қатты уайымдап отырмын. Туған інісінен айырылып қалды. Ахке мәңгі есімізде қалады", - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы