Тележүргізуші, журналист, кәсіпкер Динара Сәтжан лифтте сүйісіп тұрған ер адамдарды қолдап, жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист ең алдымен адамның кәсіби біліктілігіне мән беру керегін айтады.
"Егер адам өз ісінің маманы болса, оның кіммен төсектес болатыны кімге маңызды? Лифтте сүйісе ме, әлде далада сүйісе ме, маңызды ма? Жеке өміріне қол сұққаны үшін бізде қылмыстық жауапкершілік бар. Қылмыстық кодекстің 147-бабы (Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу - еск.). Видеоны алып, әлеуметтік желіге жариялап жіберген кім екенін білгім келеді. Ол адамның өзі соншалық мінсіз болғаны ма?", - деп жазды журналист Instagram-парақшасында.
Динара Сәтжан лифтте сүйіскен ер адамдарды емес, сол сәттің видеосын Желіге салып жіберген адамды сөгетінін атап өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!