Кәсіпкер, журналист және тележүргізуші Динара Сәтжан Астананың аязында мұзойыққа түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы журналист Instagram-парақшасында айтты. Динара Сәтжан мұзойыққа биыл президенттікке кандидат болған Қарақат Әбденмен түскен. Журналистің сөзінше, Қарақат Әбден 23 жылдан бері мұзойыққа түсіп жүр екен.
"Бүгін сұхбаттасамыз деп келісіп, 18 қаңтарда аязда суға түсу кезеңінің басталуы сәйкес келіп қалды. Шынымды айтсам, бірінші рет мұзойыққа түсіп тұрмын, маған қатты ұнады", - дейді журналист.
Динара Сәтжан арнайы, қауіпсіз жерде мұзойыққа түсу керегін ескертті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!