Әнші Динара Қырықбаева бағалы брендтерден бас тартып, бағасы миллиондардың үстіне шығатын киімдерге бойкот жариялаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жалпы мен қатты қымбат нәрсе алмаймын. Мен үшін ең бастысы - киім өзіме жарасып тұруы керек", - деді ол НТК телеарнасындағы Revunews бағдарлмасына берген сұхбатында.
Әнші гардеробындағы ең қымбат көйлектің қанша тұратынын еске түсірді.
"Білмеймін, бір 500 мың теңге шығар", - деді ол.
Ол сонымен бірге отандық брендтерді көбірек қолдайтынын айтты.
"Отандық брендтерді қолдаймын, аламын. Балаларыма да, өз анама да аламын, өзім де киінемін", - деді әнші.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!