Дина Төлепберген: Мұндайды сіз түгіл, өзім де күтпедім

Дина Төлепберген: Мұндайды сіз түгіл, өзім де күтпедім
Фото: instagram/dina_tolepbergen

Танымал тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген күтпеген қызық оқиғасы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мұндайды сіз түгіл, өзім де өзімнен күтпеп едім", - деп журналист әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Бұл қандай қызық болды екен десеңіз, журналист жаңа би түрін үйреніп, балетке барып көрген екен. 

"Достар, менде жаңа эксперимент болып жатыр. Жалпы өмірімде сіздерге "сіздерді ешкім көрмей тұрғандай билеңіз" деп жиі айтамын. Енді балеттің дәмін татып көрдім. Жаңа биге, тәжірибеге келген жайым бар. Өте қызық екен, шынымды айтсам", - деп әсерін бөлісті ол әлеуметтік желіде. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева