Танымал тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген отбасылық өмірі туралы айтып, романтикалық сәтін бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгінгі селдерей сусынын маған күйеуім осылай дайындап әкелді. Романтика!", - деді ол таңғы ас ішіп отырғанын айтып.
Әрі қарай журналист селдерей шырынының пайдасы туралы ақпарат берді.
"Негізі күн сайын ішкен соң дәмі де қарапайым болып көрінеді екен. Менің соңымнан еріп селдерей шырынын ішем деп жатқандар өте көп. Өте пайдалы деп әзірге жарнама жасамай-ақ қояйын. Бүгін жетінші күн ішіп жатқаныма", - деп айтты журналист әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап.
Бұған дейін Дина Төлепбергеннің күйеуі бүкіл кинозалды жалдап беріп, тосынсый жасаған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!