Дина Таңсәрі Черногориядан пана сұрады - Бас прокуратура

Бас прокуратура Дина Таңсәрі Черногориядан пана сұрағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 15 сәуірде Черногория соты Дина Таңсәріні осы елден баспана сұраған өтініші қаралмағандықтан қамаудан босатқан.

"Қазақстан Республикасы мен Черногория Республикасы арасында ұстап беру туралы халықаралық шарт болмағандықтан, оны экстрадициялау туралы шешімді Черногорияның құзыретті органдары ұлттық заңнамасына сәйкес қабылдайды", - деді Бас прокуратура өкілдері.

Қазір Қазақстанда Дина Таңсәріге қатысты қылмыстық іс бойынша соталды тергеу мерзімдері тоқтатылған.

Дина Таңсәрі қашан ұсталды?

Еске салайық, бұған дейін "НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәрі (Динара Смайылова) Черногорияда ұсталғанын мәлімдеді. Ол 14 сәуірде Астана уақытымен шамамен 18:30-да видеоүндеу жолдап, полиция бөлімшесінде отырғанын айтып, 15 сәуірде экстрадиция мәселесі бойынша сот өтетінін хабарлады.

Артынша Черногория билігі "НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәріні (Динара Смайылова) қамаудан босатты.

Дина Таңсәрі қандай күдікке ілінген?

Тергеу деректеріне сүйенсек, Динара Смайыловаға қатысты алты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол алаяқтық, жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу және жалған ақпарат тарату бойынша күдікке ілінген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!