- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Димаштың ізімен". Әнші...
"Димаштың ізімен". Әнші Мирас Жүгінісов шетелге не үшін кететінін түсіндірді
Жеке ән кешін өткізген әнші Мирас Жүгінісов осы кезге дейін кәрі құрлықта өнер көрсеткенін ендігі мақсаты Франция екенін жеткізді. Өнер иесі бұл туралы Ревю бағдарламасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мирас Жүгінісов өзінің карьерасын шетелде жалғастырмақ ниетте.
"Елімізде тур жасап, соло ән кештерімді қойдым. Ендігі мақсат шетелге барып конкурстарға қатысу. Менің энергиям сарқылмайды", - дейді әнші.
Сондай-ақ, әнші жуырда Франция еліне аттанбақ ниетте.
"Мен Францияға барғым келеді. Маған Француздардың музыкасы өте қатты ұнайды. Мен ол жаққа байқауларға қатысуға барамын. Құрлық асып, еліміздің туын сол жақта желбіреткім келеді,- дейді Мирас Жүгінісов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы