Димаш Құдайбергеннің Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегі кезінде түсірілген видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрлардан Димаш тілек айтып, бет сипағанын көруге болады.
"Генаның жеңілісі емес, осы сәт ерекше толқытты", - дейді жазба авторы.
Димаштың бұл әрекеті Желі қолданушыларын тәнті етті.
"Айналайын", "Димаш қой ол. Әппақ ниетінен айналдым", "Тіл-көзден аман болсыншы!", - деп жазған Қазнеттегілер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!